$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Айгүл Иманбаева алғаш рет неке қию сәтінің видеосын көрсетті

Ол өзінің енесі де әнші екенін айтты

Айгүл Иманбаева алғаш рет неке қию сәтінің видеосын көрсетті
Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva

Белгілі әртіс Айгүл Иманбаева 7-арнадағы «Сырласу» бағдарламасында қонақ болып, өзінің неке қию рәсімінен видео көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бұл – неке қию сәті. Лос-Анджелес қаласында палестиндіктердің мешітінде жаңа жыл қарсаңында некемізді қидық. Ұлым мен құрбым арнайы ұшып келді. Әкемнің бұл дүниеде жоқ болғандықтан әкемнің орнына аманаттап мені жолдасыма ұлым тапсырды», - деді әнші.

Бағдарлама барысында Айгүл Иманбаева жолдасының есімі Ерлан екенін, ұлының оған тұрмысқа шығуға еш қарсылық білдірмегенін атап өтті.

Сонымен қатар, ол енесінің әнші екенін де айтты. Айгүл Иманбаева бүгінде «Айгүл» ансамблінің алғашқы солистерінің бірі Ақжан Жайсанбаеваның келіні екен. Бағдарламада әртістің енесімен бірге ән салып тұрған видеосы да көрсетілді.

Серіктес жаңалықтары