«Жоқтау десем сыңсу екен»: журналист ұзатуда жылайтын қалыңдықтарды сынға алды

Azattyq Rýhy

Ол сыңсу айтудың ережесі туралы айтты

«Жоқтау десем сыңсу екен»: журналист ұзатуда жылайтын қалыңдықтарды сынға алды
Фото: Видеодан скрин

Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай ұзату тойында сыңсу айтып, жылайтын қалыңдықтарға сынға алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол Instagram парақшасына егіліп жылап отырған қыздың видеосын жариялап, қылығының ерсі екенін айтты.

«Жоқтау десем сыңсу екен ғой. Бүгінде ұзатылған қыздың сыңсу айтуына қалай қарайсыз? Қазақ қыздары не үшін сыңсып жылады десеңіз еркінен тыс байға, шалға, малға қосылғаны үшін шерін тарқатты. 

Ал қазір қыздарымыз еркін, өз таңдауы өзінде. Қанша жерден дәстүр десек те, меніңше мынау тым ерсі. Өз басым ақ жол үстіндегі қызды жылатқанша шөлпілдетіп сүйіп, құшып, қысып жібермей, ақылын айтып тұрғандарға да қарсымын.

Ата-анасы маңдайынан иіскеп ақ батасын берді ме болды, бойжеткен артына қарамай зыту керек. Оқырмандар арасында сыңсу айтып ұзатылған ақ жеңгелерім не дейді екен?» - деп жазды журналист.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.