30.08.2024, 17:40
Жаңалықтар
«Мынаусы несі»: күйеуімен ажырасқан Балжан Бидашты жұрт танымай қалды
Әнші иығынан төмен түсетін шашын кесіп, қысқа шаш үлгісін жасаған
Фото: Instagram/bidash_official
Қазақстандық әнші Балжан Бидаш Instagram парақшасында жаңа шаш үлгісінде түскен фотосын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әнші иығынан төмен түсетін шашын кесіп, қысқа шаш үлгісін жасаған.
«Өзгеріске толы өмір. Жаңа образ қалай?» - деп жазды әнші.
Әншінің парақшасына оқырмандары түрлі пікір білдіріп жатты.
«Мынаусы несі», «Өтпеді стайлыңыз», «Мяяяя баска адам деп өтіп кеткем лентада, сторис карап отырып кірсем, танымай калдымгой», «Шашын бұзау жалаған ба?», «Парик шығар деп үміттенейік», - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, әнші Балжан Бидаш өткен жылы күйеуі актер Жаһан Отарғалиевпен ажырасып кеткен болатын.
Көп оқылған
29.07.2026, 10:24
Аптап ыстықтың беті қайтады: Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді
29.07.2026, 13:36
Тағы да той кортежі: Жамбыл облысында елді шошытқан жас жігіт әлеуметтік желі арқылы табылды (ВИДЕО)