Елімізде 3,7 млн тонна астық жиналды

Azattyq Rýhy

Егін жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинайтын комбайн, 14,9 мың орақ және 195 мың бірлік басқа техника жұмылдырылды

Елімізде 3,7 млн тонна астық жиналды
Фото: istockphoto.com

Бүгінгі таңда негізгі дәнді дақылдар бойынша 2,2 млн гектардан астам дәнді және бұршақты дақылдар жиналды. Орташа өнімділігі 16,7 ц/га болғанда 3,7 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Мәселен, бидай 1,3 млн га алқапта жиналып, өнімділігі 17,2 ц/га 2,2 млн тоннаны құраса, арпа – 1, 1 млн га, өнімділігі 17,3 ц/га 1,1 млн тонна бастырылды, сұлы – 36,1 мың га, өнімділігі 15,8 ц/га 57 мың тонна бастырылды.

Биылғы жылы майлы дақылдар орташа өнімділігі 11,5 ц/га 13,5 мың га алқаптан жиналды, 15,5 мың тонна бастырылды.

Картоп 22 мың гектар алқаптан 581,1 мың тонна жиналды, өнімділігі 264,2 ц/га, көкөніс дақылдары 58,4 мың гектардан жиналды, өнімділігі 248,6 ц/га 1,4 миллион тоннадан астам жиналды.

Бақша дақылдары 88,4 мың га алқаптан жиналды, өнімділігі 252,9 ц/га, жалпы алым 2,2 млн тоннадан асты.

«Егін жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинайтын комбайн, 14,9 мың орақ және 195 мың бірлік басқа техника жұмылдырылды. Естеріңізге сала кетейік, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылдармен салыстырғанда 3 есе көп. Егін жинау науқанын өткізудің барлық мәселелері ерекше бақылауда», - делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.