Мәңгілік ел және Тұран даңғылы ішінара жабылады

Автор: Молдатай Сымбат

Жол жөндеу жұмыстары 2 тәулікке созылады

Фото: Azattyq Rýhy

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Мәңгілік ел даңғылы мен Керей Жәнібек Хандар көшесінің қиылысында жол төсемінің жоғарғы қабатын салу бойынша жұмыстардың жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сонымен қатар, Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында жол төсеміне жөндеу жұмыстарының жүргізіледі.

Осыған байланысты 29-30 тамыз аралығында жоғарыда аталған учаскелер ішінара жабылады.

Мәңгілік ел даңғылында автокөлік құралдарының қозғалысы тараптардың бірі бойынша екі бағытта да жүзеге асырылады. Ал Тұран даңғылында көлік құралдарының қозғалысы оң жақ съездер бойынша бағытталады.