Үкімет Мақтааралда мыңнан астам тұрғын үй салады – Тоқаев

Автор: Azattyq Rýhy

Ауданда су тасқыны болған

Үкімет су тасқыны болған Мақтааралда мыңнан астам тұрғын үй салады, бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жазды.

«Үкімет Өзбекстандағы су қоймасы апатының салдарынан баспанасынан айырылған Түркістан облысының азаматтары үшін мыңнан астам тұрғын үй салуға кіріседі»,- деп жазды ол.

Еске салайық, Түркістан облысы Мақтаарал ауданында 6 127 тұрғыны бар 5 елдімекен - Жаңа тұрмыс, Жеңіс, Фирдоуси, Өргебас, Достық ауылдары толығымен су астында қалған. 14 елдімекеннен 31 606 тұрғын эвакуацияланды.