25.08.2024, 17:50
Жаңалықтар
Ақтауда подъезде мастурбация жасаған ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды
Ол сот шешімі бойынша жазаланды
Фото: Видеодан скрин
Ақтауда онанизммен айналысқан ер адам жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Істі талқылау ҚР ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша Ақтау әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының жабық отырысы аясында өтті.
Ер адам өзінің кінәсін мойындап, ісіне өкінген. Оның кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, бейнежазбалармен және істің басқа материалдарымен расталды.
Сот шешімімен ер адамға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, бұл 73 840 теңгені құрайды.
Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
