Димаш Құдайберген Ақмешіт үңгірінде бейнебаянын түсірді

Azattyq Rýhy

Биыл 13-14 қыркүйекте Астанада Димаш Құдайбергеннің концерті өтеді

Димаш Құдайберген Ақмешіт үңгірінде бейнебаянын түсірді
Фото: Бәйдібек ауданының әкімдігі

Әнші Димаш Құдайберген Бәйдібек ауданындағы киелі орын саналатын Ақмешіт үңгірінде кезекті бейнебаянын түсірді. Бұл туралы Azattyq Rýhy аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Димаштың және оның бейнебаянының арқасында табиғаты керемет таңғажайып Ақмешіт үңгірі әлемге танылатын болады. Әншінің өңірге сапары, бейнебаян түсіру жұмысы тарихи-мәдени мұраның маңыздылығына, керемет табиғат көріністеріне назар аудартады. Сондай-ақ, алыс-жақын шет елдерден туристердің киелі мекенге көптеп келуіне септігін тигізіп, туризимнің дамыуына ықпал етеді, деп жазады аудан әкімдігі.

«Димаш Құдайбергеннің қатысуымен Қазақстан туризмін ілгерілету жөніндегі музыкалық туындысына бейнебаян түсірілімі аясында аудан әкімдігі тарапынан қолғабыс көрсетілді.

Осы орайда, Түркістан облысы әкімдігі түсірілім жұмысының Бәйдібек ауданында жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны атап өтіп, аудан әкімдігіне алғыс білдірді», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, биыл 13-14 қыркүйекте Астанада Димаш Құдайбергеннің концерті өтеді. Қазақстанның халық әртісі «Astana Arena» стадионында «Stranger» атты жеке концертінде өнер көрсетеді. Ұлттық дыбыстық және қазіргі әуендік техника үйлесім тапқан әлемдік деңгейдегі шоуда дәстүрлі және заманауи стильдегі композициялар орындалады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.