Бұл мәселе облыстағы балабақшаларды тексеру нәтижесінде белгілі болды
Ақмола облысында балабақша директоры өз айыппұлдарын төлеу үшін қарамағындағы қызметкерлерінен ақша жинаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл мәселе облыстағы балабақшаларды тексеру нәтижесінде белгілі болды.
«Жалпы, балабақшаларда прокурорлық тексеру нәтижелері бойынша әртүрлі салада 300-ден астам бұзушылық анықталды. Мысалы, балабақшалардың бірінде қызметкер мас күйінде болған. Тағы бір жағдайда, балабақша директоры өз айыппұлдарын төлеу үшін қарамағындағы қызметкерлерінен қаражат жинады. Ол жұмысынан шығарылды», - деп хабарлады прокуратура.
Тексеру қорытындысы бойынша үш балабақшада 15 қызметкерден жалған медициналық кітапшалар табылды.
Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім берудің 19 мекемесінде тамақтану нормалары санитарлық нормаларға сәйкес келмейді.
«Кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды», ‒ деп атап өтті прокуратура.