25.08.2024, 15:33
Жаңалықтар
Іле Алатауына өрмелеп шыққан жастар төмен қарай түсе алмай қалды
Алматыда екі жас турист құтқарылды
Фото: ҚР ТЖМ
Іле Алатауының Кіші Алматы шатқалында 21-22 жас аралығындағы екі турист Панорама тау шыңына көтеріліп, төмен түсе алмай қалған. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, ауа райын алдын ала көріп алмағаннан, қатты дауыл астында қалып тиісті уақытқа дейін түсе алмады.
«ҚР ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары жоғалған ер азаматтарды «Панорама» құтқару лашығынан тауып, Алматы қаласына аман-есен түсірді.
Жастарға медициналық көмек қажет болған жоқ», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
