Қырғызстан-Қазақстан шекарасында жүздеген жүк көлігі кептеліп тұр (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Куәгерлер жүк көліктерінің кептелісін видеоға түсіріп алды

Қырғызстан-Қазақстан шекарасында жүк көліктері тағы да кептеліп тұр. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі kaktus.media YouTube каналына сілтеме жасап хабарлайды.

24 тамыз күні түстен кейін «Ак-Тилек – Автодорожный» және «Кен-Булун – Автодорожный» бақылау-өткізу пунктерінің алдында жүк көліктері кептеліп қалды.

Куәгерлер жүк көліктерінің кептелісін видеоға түсіріп алды.

Жүргізушілердің ақпараты бойынша, Бішкек-Токмок тас жолында 200-ден астам автокөлік жиналып қалды.

Жүргізушілер бірнеше сағат бойы тұр.