Астанада әйел адам түрмеде отырған адаммен кездесу үшін жалған неке куәлігін көрсеткен

Azattyq Rýhy

Әйел адам енді 40 күнге дейін қамауға алынуы мүмкін

Астанада әйел адам түрмеде отырған адаммен кездесу үшін жалған неке куәлігін көрсеткен
Фото: gov.kz

Астанада әйел адам қатаң режимдегі колонияда отырған сотталған адаммен ұзақ уақытқа кездесу үшін неке қию туралы куәлігін ұсынды. Бұл туралы қаланың қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Құжаттың түпнұсқалығы мекеме қызметкерлеріне күмән тудырды. Ақмола облысы Аршалы кентінің АХАЖ қызметкерлері күмәнді растап, тіркеу журналында неке қию туралы куәлік көрсетілмегенін мәлімдеді», - делінген хабарламада. 

Ақмола облысы ПД Аршалы аудандық полициясы ҚР ҚК 385-бабы, 3-бөлігі бойынша «жалған құжаттарды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Әйел адамға 160 АЕК мөлшеріне дейін айыппұл салынады немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады немесе 40 тәулікке дейін қамауға алынады.

«ҚАЖ қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес, егер туыстық байланыстар тиісті құжаттармен расталса, жұбайымен (зайыбымен), жақын туыстарымен ұзақ кездесулер ұсынылады», – деп атап өтті Астана ҚАЖД бастығының орынбасары Ирсали Ахмедов.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.