$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Комада жатқан жас сарбазға қатысты Қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеме жасады

Министрлік сарбазға ведомствоның емдеу мекемелерінде медициналық көмек көрсетуге дайын

Комада жатқан жас сарбазға қатысты Қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеме жасады
Бейнеден кадр

ҚР Қорғаныс министрлігі әскерде жүріп комаға түскен жас сарбаз Ербаян Мұхтарға қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мерзімді қызметтің әскери қызметшісі Ербаян Мұхтардың жарақат алғаны туралы БАҚ пен әлеуметтік желілерде таратылған ақпаратқа қатысты мынаны түсіндіреміз. Қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтар ҚР Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұлан бөлімшесінде мерзімді әскери қызмет атқарды. Мерзімді қызметтің сарбаздары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде, Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланында, Мемлекеттік күзет қызметінде және Төтенше жағдайлар министрлігінде қызмет өткеретінін хабарлаймыз.  Қорғаныс министрлігі аталған күштік құрылымдардағы әскери қызметтің қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырмайды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ведомство Ербаян Мұхтарға ҚР Қорғаныс министрлігінің емдеу мекемелерінде медициналық көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.

«Әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау командирлер үшін басты міндет болып табылады. Біз де Ербаян Мұхтардың туыстары мен жақындарымен бірге оның денсаулығына алаңдаймыз және ҚР Қорғаныс министрлігінің емдеу мекемелерінде медициналық көмек көрсетуге дайынбыз», - деп мәлімдеді ведомстводан.

Серіктес жаңалықтары