Терроризммен күрес жөніндегі жедел штаб шұғыл хабарлама таратты
Ертең қалада терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізу жоспарланған
Ақтөбе облысының терроризмге қарсы күрес бойынша жедел штабы Ақтөбе қаласының тұрғындарына мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сонымен, 2024 жылы 20 тамызда қалада терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізу жоспарланған.
«Іс-шараның шарттары күрделіліктің әртүрлі элементтерімен жауынгерлік жағдайларға мүмкіндігінше жақын болады», - делінген хабарламада.
Осыған байланысты жедел штаб азаматтарды өткізілетін оқу-жаттығу іс-шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және жұмылдырылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауға шақырады.
Айта кетсек, мамыр айында Абай және Жамбыл облыстарында да терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізілген болатын.