Күдіктілер Ұлытау облыстық полиция департаментіне жеткізді
Ұлытау облысында браконьерлерден 15 ақбөкеннің ұшасы тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 16 тамыз күні кешке болды. «Охотзоопром» инспекторлары Ұлытау ауданының аумағындағы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп, төрт браконьерді ұстады. Олар Урал маркалы екі мотоциклмен жүрген.
«Ұсталғандардан 15 ақбөкеннің ұшасы, кесілген мүйізі және екі ұңғылы мылтық табылды», – деп хабарлайды инспекция.
Күдіктілер Ұлытау облыстық полиция департаментіне жеткізді.