Инфаркт пен инсульттан сақтану: дәрігер қарапайым жолды көрсетті
Ол бәрі білетін қарапайым жолды көрсетті
Қан айналымы жүйесінің ауруларынан болатын өлім-жітім өте жоғары. Аталмыш ауру түрлерінен қалай сақтануға болатыны туралы невропатолог Павел Хорошев пікір білдірді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Медарго басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Адам терлегеннен кейін ағзасындағы электролиттердің көп мөлшерін жоғалтады. Бұл бізге тіндерді басқару немесе тіндердің өзін-өзі басқаруы үшін қажет тұздар. Осы себепті адамның өлімі жиіледі, әсіресе саяжайларда. Тері арқылы шығатын калий мөлшерін адам қалпына келтірмейді. Міне, осыдан барып аритмия басталады, ары қарай инсульт пен өлімге апарады», - дейді невропатолог Павел Хорошев.
Ол бәрі білетін қарапайым өнімді атай отырып, ағзадағы калийді қалпына келтіру жолы туралы айтты.
«Денедегі калийді бананмен өтеуге болады, яғни күніне бір банан жеу керек. Егер адам бұл әрекетті білсе, жыл сайын мыңдаған адам инфаркт пен инсульттан аман болатын еді. Өйткені калий бәріне қажет. Бұл қиындықтан арылу үшін күніне бір банан жеу жеткілікті», - деді дәрігер.
Оның пікірінше, эритроциттердің агрегациясын төмендету үшін дәрі-дәрмектерді де қабылдауға болады, бірақ бұл тек дәрігерлердің ұсынысы бойынша ғана орындалуы керек.