«Тауға бармаңыз!»: Алматыда сел жүру қаупі бар

Автор: Azattyq Rýhy

Қалалық ТЖД ескерту жасады

Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК дауылды ескертуіне сәйкес, 18 тамызда тауда нөсерлі жаңбыр жауғанына байланысты Алматы қаласында және оған іргелес таулы жерлерде сел жүру қаупі бар. Бұл туралы Azattyq Rýhy Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, гидрометеорологиялық және сел жағдайының талдауына сәйкес, қатты жаңбыр жауған кезде сел құбылыстары болуы мүмкін.

Қазселденқорғау бөлімшелері сел қаупі бар учаскелерде бақылаудың жеделдетілген режиміне ауыстырылып, аэровизуалды және жергілікті бақылау жүргізілуде, инженерлік-техникалық қызметкерлердің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды.

«Құрметті туристер, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары! Сел тасқынына қалып қалған жағдайда, құтқарылу мүмкін емес. Тауға бармаңыз!» - деп жазады Алматы қалалық ТЖД.