«Көп ақша алып келеді, әкесінен көп таяқ жеген»: Қайрат Нұртастың ерекше қасиеттері айтылды
Қайрат Нұртастың отбасылық видеосы жарияланды

Әнші Қайрат Нұртастың әкесімен және інілерімен түсірген видеосы Instagram желісінде жарияланды. Видеода әнші мен оның інілерінің ел білмейтін тұстары айтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Отбасылық видеоны әнші Қайраттың інісі Заңғар Нұртас Instagram парақшасында жариялаған. Онда әншінің әкесі Нұртас Айдарбеков ұлдарының бойындағы қасиеттерін айтып, бастарын су толы ыдысқа малады. Әкесі ұлдарының артында тұрып, келіні қойған сұрақтарға жауап берген.
Әкесінің пікірінше, Заңғар ағаларымен салыстырғанда жақсы оқып, үй шаруасына көп көмектеседі. Ал Аян Нұртас тамақты ең көп жейтін, заттарын жиі жоғалтатын адам екен.
Әнші Қайрат Нұртастың жиі кешігетіні, бұзық екені, әкесіне көп ақша алып келетіні, балаларының ішіндегі ең көңілді екені, ең жомарт екені, әкесінен көп таяқ жегені белгілі болды.