10.08.2024, 21:59
Жаңалықтар
Әлішер Ерғали Олимпиада жүлдесіне таласады
Ертең отандасымыз жұбаныш белдесуіне қатысады
Фото: Туризм және спорт министрлігі
Еркін күрестен 97 кг дейінгі салмақта Париж Олимпиадасының жартылай финалында әлем чемпионы, Ханчжоудағы Азия ойындарының жеңімпазы Ахмед Тажудинов (Бахрейн) пен Рио Олимпиадасының чемпионы, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, 3 дүркін әлем чемпионы және 2 мәрте күміс жүлдегері Кайл Снайдер (АҚШ) күш сынасты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Аса тартысты өткен белдесуде Бахрейн палуаны қарсыласын сенімді жықты.
Есеп: 6-4.
Енді ертең отандасымыз Әлішер Ерғали жұбаныш белдесуіне қатысып, қола жүлдеге таласады. Әуелі ирандық Әли Әмір Азарпирамен күреседі.
Ал қола медаль жолында Кайл Снайдерге қарсылас болады.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы