Астанада ұлы Абай күніне арналған «Домбыра Party» өтеді

Автор: Azattyq Rýhy

Абай күні Қазақстанда 2020 жылдан бері атап өтіліп келеді

Фото: gov.kz

Бүгін қазақстандықтар Абай күнін атап өтіп жатыр. Ұлы ақынның мұрасын ұлықтау шаралары Астанада да өтеді. Солардың бірі – «Домбыра Party» әдеби сазды кеші, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айтулы іс-шара Есіл өзенінің жағалауы, Хан Кенесары ескерткішінің маңы, жазғы караоке алаңында 10 тамыз күні 20:00-де басталады.

«Дана Абайдың әндерін шырқап, руханият бұлағы – өлеңдері мен қара сөздерін еске түсіріп, Есілдің жағасында демалып қайтасыздар», - дейді іс-шараны ұйымастырушылар.

Айта кетейік, Абай күні Қазақстанда 2020 жылдан бері атап өтіліп келеді. Ұлы ақынның 175 жылдың мерейтойы қарсаңында ел үкіметі аталған датаны мерекелер тізіміне енгізген.