10.08.2024, 10:02
Жаңалықтар
Еліміздің бірнеше өңірінде тамыз айында құрғақшылық болады
Елдің қалған бөлігінде ылғалды ауа райы қалыпты жағдайға жақын болады
Фото: istockphoto.com
«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі Қазақстанның 2024 жылдың тамыз айына арналған құрғақшылық болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Соңғы болжамға сәйкес тамыз айында Қазақстан аумағында атмосфералық ылғал елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында жекелеген аудандарда орташа ылғалды болады деп күтілуде.
Вегетациялық кезеңде жауын-шашын тапшылығы байқалатын Қостанай, Алматы, Жамбыл және Қызылорда облыстарының жекелеген аудандарында құрғақшылық болжанып отыр.
Тамыз айында мына өңірлер орташа ылғалды болады деп күтіліп отыр:
- Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде;
- Қостанай облысы;
- Ақмола облысы;
- Павлодар облысы;
- Ақтөбе облысының Әйтеке би, Қарғалы, Мұғалжар және Хромтау аудандарында;
- Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай және Құршым аудандарында.
Ал орташа құрғақ жағдайлар:
- Балқаш ауданының оңтүстік бөлігінде және Алматы облысы Жамбыл ауданының солтүстік бөлігінде;
- Жамбыл облысының Мойынқұм және Талас аудандарында;
- Қызылорда облысының Қармақшы ауданында.
Елдің қалған бөлігінде ылғалды ауа райы қалыпты жағдайға жақын болады деп күтілуде.
Көп оқылған
01.11.2026, 06:38
Вакцинасы жоқ қауіпті вирус: Конгода әлемді алаңдатқан індеттен 5 мыңнан астам адам қайтыс болды
01.11.2026, 07:19
Қазақстанда 1 қарашаға дауылды ескерту жарияланды: үсік, қар және қатты жел күтіледі
01.11.2026, 11:05
Көлігіне бейәдеп сөз жазған Астана тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды
01.11.2026, 08:29
Астанада мектептегі жиналыстан кейін мұғалім ауруханаға түсті
01.11.2026, 10:02
Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды