$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Республиканың басым бөлігінде жаңбыр мен бұршақ жауады

Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 10 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оңтүстік циклон және онымен бірге келетін атмосфералық фронттар әлі де Қазақстан аумағының басым бөлігіне ықпал етеді.

Соның салдарынан ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: күн күркірейді, бұршақ және дауылмен бірге жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, орталықта қатты жаңбыр жауады.

Тек елдің батысында ғана жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады. 

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстік-батыс, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.

Күндіз Алматы және Жетісу облыстарында қатты ыстық сақталады. 

Еліміздің барлық дерлік өңірінде жоғары өрт қаупі бар. 

Серіктес жаңалықтары