Қазақстандық бессайысшы жартылай финалда 16-орынға тұрақтады
Париж Олимпиадасында қазіргі бессайыстан қазақстандық спортшы Георгий Борода-Дудочкин финалға өте алмады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Қазақстандық бессайысшы жартылай финалда 1452 ұпай жинап, 16-орынға тұрақтады.
Ал финалға жолдама алу үшін бұл көрсеткіш аздық етеді. Өйткені финалға алғашқы орынға жайғасқан тоғыз спортшы ғана өтеді.
Кеше, 8 тамызда Георгий Борода-Дудочкин ерлер арасындағы жарыста рейтингтік раундта 36 спортшының ішінде 35-орынға тұрақтады.
Айта кетейік,қазір Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде бар.