$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбе облысында 30 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Жер учаскелері Қарғалы ауданының жер қорына енгізілді

Ақтөбе облысында 30 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: depositphotos.com

Ақтөбе облысында 30 мың гектар пайдаланылмаған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Пайдаланылмаған немесе заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді мемлекетке қайтару бойынша жұмыстар жалғасуда. Атап айтқанда, Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасына сәйкес ЖШС-нің бірінің жайылымдық жер учаскелерінде мал басы жоқ екендігі анықталды. 

«Учаскелердің ауданы 30 мың га құрайды. ҚР Жер Кодексінің 94-бабының негізінде ҚР АШМ ЖРБК-нің аумақтық департаменті ЖШС-тен жер учаскелерін алып қою туралы сотқа талап арыз берді. Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен талап қанағаттандырылды. ЖШС-нің апелляциялық шағымы қанағаттандырусыз қалдырылды, жер учаскелері Қарғалы ауданының жер қорына енгізілді», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары