Электр самокаттар: «жасыл» Toyota көліктерінің мүмкіндіктері

Автор: Azattyq Rýhy

Toyota маркасының автокөліктер саласындағы өте кішкентай көліктері көпшіліктің көңілінен шықты деп хабарлайды auto.mail.ru ақпараттық сайты. 

Компания бұрын-соңды мұндай жаңалықтарымен қуантпаған болатын. Алайда электросамокаттардың прототиптері Жапонияда бұрыннан бар. Заманауи тенденцияға енген өте кішкентай көліктердің жаңа нұсқаларын Toyota компаниясы да ұсынып отыр

«Жасыл» көліктерді шығарушы Акихиро Янаки 2020 жылға дейін Ultra-compact BEV деп аталатын самокаттардың жаңа дәуірі басталатынын жеткізді. Ал 2021 жылы ультраықшамды «Toyota» көліктерінің қатары мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы қозғалтқышы бар мүгедек  арбаларымен толығады деп күтілуде

Аталмыш көліктердің техникалық сипаттамасы әзірден белгілі болып отыр. Электр өзі жүретін көліктердің сағатына 10 км қашықтықты жүріп өте алады, ал оның аккумуляторы 14 км қашықтыққа жарайды деп болжанып отыр. Мүгедек арбаларының аккумуляторы сағатына 6 км жылдамдықты еңсеретін мықтылығымен танылмақ. Электр самокаттарын тар көшелерде айдауда өте ыңғайлы болып келеді деп күтілуде.