Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Көп облыста төтенше өрт қаупі сақталады
«Қазгидромет» РМК бүгінге, 8 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атмосфералық фронттардың ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
Найзағай жарқылдап, бұршақ пен жауын жауады, дауыл соғады.
Еліміздің батысында, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады.
Тек еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.
Күндіз Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Жетісу облыстарында Абай облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.
Қызылорда облысының оңтүстігінде, Алматы облысының сошлтүстігінде, орталығында, Түркістан облысының шөлді аудандарында, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында өте қатты аптап ыстық бар.
Көп облыста төтенше өрт қаупі сақталады.