07.08.2024, 07:48
Жаңалықтар
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
Өзге шаһарларда метеорологиялық жағдай қалыпты
Фото: istockphoto.com
Бүгін еліміздің алты қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 7 тамызда Алматы, Риддер, Өскемен, түнде Атырау, Қостанай, Астана қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Көп оқылған
14.11.2026, 06:21
Ғылым және жоғары білім министрлігінде ауыс-түйіс: вице-министр қызметінен босатылды
14.11.2026, 07:19
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді
