«Әлі де босаңсуға болмайды»: Демеу Жадыраев жартылай финалдан кейінгі пікірімен бөлісті

Azattyq Rýhy

Олимпиада финалында Демеу Жадыраев жапон балуаны Нао Кусакамен белдеседі

«Әлі де босаңсуға болмайды»: Демеу Жадыраев жартылай финалдан кейінгі пікірімен бөлісті
Фото: ҰОК

Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының финалына шыққан Демеу Жадыраев шағын сұхбат беріп, бүгінгі жекпе-жектерін қорытындылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

«Олимпиада ойындары болғандықтан, ешбір белдесу оңай болған жоқ. Ешкімді бөліп-жармаймын. Төрткүл дүние көз тіккен жарыс, сондықтан жауапкершілік жүгі ауыр. Әлі де босаңсуға болмайды. Ертең финалда жолығатын жапондық балуанмен бұрын кездесіп, жеңілген едім. Ал жартылай финалдағы әзербайжандық спортшымен оқу-жаттығу жиындарында күресіп жүрміз. Осы белдесуде бас бапкер Юрий Мельниченконың қойған тактикасымен күрестім. Бәрі ойдағыдай шықты. Қолдауларыңызға рахмет. Енді финалды күтеміз», - деді Жадыраев.

Айта кетейік, грек-рим күресінен Олимпиада финалында Демеу Жадыраев жапон балуаны Нао Кусакамен белдеседі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.