Өңірде төтенше жағдай жарияланған
Қазіргі таңда Түркістан облысы Мақтаарал ауданының 4 елдімекені: Жаңа-Тұрмыс (46 үй), Жеңіс (130 үй), Фирдоуси (250 үй) және Өргебас (194 үй) су астында қалды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
«Жалпы қызыл судан 620 үй жапа шеккен. Тұрғындарды көшіру үшін 22 эвакуациялық орын даярланған. Бүгінгі күнге бұл орындарға орналасқан адам саны 7000 -ға жуық», - делінген хабарламада.
Эвакуациялық бөлімдерде тұрғындарды 120 медицина қызметкерлері тексеруден өткізуде. Полиция қызметкерлері Жеңіс, Жаңа-Тұрмыс, Фирдоуси, Өргебас елімекендеріне 5 блок-бекет қойып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.
Оқи отырыңыз: Су қоймада апат: Мақтаарал ауданында тұрғындарды эвакуциялау жұмыстары басталды
Сонымен қатар, көршілес Жетісай ауданы, Қоғалы елдімекенінде қауіпсіздікті күшейту мақсатында 5 техника, 508 адам жұмылдырылған.
Оқи отырыңыз: Өзбекстанда дамба жарылды: адамдарды құтқару жұмыстары жүріп жатыр
Айта кетейік, кеше Мақтааралмен шекаралас жатқан Өзбекстанның Сырдария облысында дамба жарылды. Салдарынан Мақтаарал ауданының шекарасында өткізу қуаты секундына 120 м3 болатын «Центральный голодностепный Коллектор (ЦГК)» арнасында су көлемі артып бірнеше ауыл тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілген болатын.