Астанадағы Момышұлы даңғылының бір бөлігі бірнеше күнге жабылады

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл ретте көлік қозғалысы іргелес көшелер бойынша ұйымдастырылады

Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тәуелсіздік даңғылынан бастап Қ.Сәтпаев көшесіне дейінгі учаскеде Б.Момышұлы даңғылында жолдің үстінгі қабатын салу бойынша жұмыс жүргізеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елорда әкімдігі ресми сайтының хабарлауынша, көрсетілген учаске 3-5 тамыз аралығында толығымен жабылады.

Бұл ретте көлік қозғалысы іргелес көшелер бойынша ұйымдастырылады. 

Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған стендтер қойылады.

Мекеме қала тұрғындары мен қонақтарынан жолдағы кептелісті болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.