03.08.2024, 20:13
Жаңалықтар
Париж – 2024: Назым Қызайбай жартылай финалға жолдама алды
Бұл – Назымның мансабындағы алғашқы Олимпиада ойындары
Фото: instagram.com/olympickz
Боксшымыз Назым Қызайбай (50 кг) Париж Олимпиадасының ширек финалында колумбиялық Валенсия Виктория Ингрит Лоренаны тізе бүктіріп, келесі кезеңге шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алғашқы екі раундта төрешілер қазақ боксшысына басымдық берді. Жалпы есепте Назым Қызайбай 4:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, боксшымыз жартылай финалға жолдама алды. Келесі кезеңде отандасымыз қытайлық боксшы Ву Юмен жұдырықтасады.
Айта кетелік, бұл – Назымның мансабындағы алғашқы Олимпиада ойындары.
Көп оқылған
17.10.2026, 13:01
Талдықорғанда TikTok-та балағат сөз айтқан әйелге айыппұл салынды
17.10.2026, 06:19
Атырау вокзалында жұмысшы бес метр биіктіктен құлаған: жағдайы ауыр
17.10.2026, 07:16
Тұман, көктайғақ және үсік: барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды
17.10.2026, 21:17
Астанада әйелді жұмыс орнына дейін аңдыған мас еркек 10 тәулікке қамалды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды