$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да он шақты күн бұрын жоғалып кеткен бүлдіршіннің денесі өзеннен табылды

Ол 23 шілде күні жоғалып кеткен

ШҚО-да он шақты күн бұрын жоғалып кеткен бүлдіршіннің денесі өзеннен табылды
Фото: YK-news.kz

2 тамызда Шығыс Қазақстан облысына қарасты Шемонаиха ауданындағы Барашки ауылының маңындағы өзенде осыған дейін жоғалып кеткен жеті жасар Богдан есімді бүлдіршіннің денесі табылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі YK-news.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бүлдіршін 23 шілдеде жоғалып кеткен. Сол күні ол таңертең серуендеу үшін шығып кеткенмен, қайтып оралған жоқ. Оның киімдері мен аяқ киімі Ертіс жағалауындағы «Самал» саябағында табылды.

ШҚО полиция департаментінің алдын ала мәліметтері бойынша, сол күні Богдан досымен бірге жағажайға шомылуға барған.

«Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр. Баланың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз», - деп хабарлады облыстық ПД.

2 тамыз күні Ертіс жағалауында баланы табу үшін кезекті ауқымды іздестіру жүргізілді. Іс-шараларға полицейлер, құтқарушылар, еріктілер, әскери қызметшілер қатысты.

Серіктес жаңалықтары