Бүгін шығыс және орталық аймақтарда найзағай ойнап, жел тұруы ықтимал
Ал оңтүстік пен батыста аптап ыстық күтіледі
Бүгін Қазақстан бойынша ауа райы құбылмалы болады. Күндіз кей аймақтарда қатты ыстық сақталады, кей жерлерде найзағай ойнап, жел күшейеді. Елдің оңтүстігі мен батысында аптап ыстық күтілсе, шығыс және орталық аймақтарда найзағай және желдің күшеюі ықтимал. Бірқатар облыстарда жоғары өрт қауіпі сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Түркістан облысы
08-09 тамызда күндіз Түркістан облысының батысында, шөлді аудандарында 45 градус өте қатты ыстық күтіледі. 03-09 тамыз аралығында төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Шымкент, Түркістан қ.: 03-09 тамыз аралығында төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
Павлодар облысы
3 тамызда күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Павлодар қ.: 03 тамызда күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Атырау облысы
5-6 тамызда күндіз Атырау облысының оңтүстігінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі. Атырау қ: 6 тамызда күндіз 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі.
Ұлытау облысы
6-7 тамызда күндіз Ұлытау облысының оңтүстігінде 40 градус өте қатты ыстық күтіледі. 03-08 тамыз аралығында жоғары өрт қауіпінен (4 класс) төтенше өрт қауіпіне (5 класс) дейін жоғарлауы күтіледі.
Атырау облысы
3 тамызда күндіз Атырау облысында солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі. Атырау қ: 03 тамызда күндіз найзағай күтіледі.
Алматы облысы
3 тамызда Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Алматы қ.: 03 тамызда күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады. Жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаев қ.: 03 августа күндіз 36-38 градус қатты ыстық сақталады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысы
9 тамызда күндіз Алматы облысының оңтүстігінде 42 градус өте қатты ыстық күтіледі. 03-09 тамыз аралығында жоғары өрт қауіпінен (4 класс) төтенше өрт қауіпіне (5 класс) дейін жоғарылауы күтіледі.
Қарағанды облысы
3 тамызда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 03 тамызда кей уақыттарда найзағай күтіледі.
Қостанай облысы
3 тамызда Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қостанай қ.: 03 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысы
7-8 тамызда күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде 45 градус өте қатты ыстық күтіледі.
Абай облысы
3 тамызда түнде Абай облысының батысында, орталығында найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қ: 03 тамызда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
Маңғыстау облысы
3 тамызда күндіз Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38-40 градус қатты ыстық күтіледі Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 03 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысы
3 тамызда күндіз Шығыс Қазақстан облысында найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі. Өскемен қ.: 03 тамызда күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысы
3 тамызда Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 03 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жетісу облысы
3 тамызда күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 17-22 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында төтенші өрт қауіпі күтіледі.
Ұлытау облысы
3 тамызда Ұлытау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жезқазған қ.: 03 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы
3 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысы
3-4 тамызда күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. 03-04 тамызда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с күтіледі. 03-04 тамызда күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында 38 градус қатты ыстық күтіледі. 03-04 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары төтенше өрт қауіпі күтіледі. Тараз қ.: 03-04 тамызда аралығында төтенше өрт қауіпі күтіледі.
Ақтөбе облысы
3 тамызда күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 03 тамызда күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.