Абай атындағы ҚазҰОБТ қызметкерлерінің наразылығына қатысты министрлік түсініктеме берді

Azattyq Rýhy

Ведомство іске заңды тұрғыда қызметтік тексеру жүргізеді

Абай атындағы ҚазҰОБТ қызметкерлерінің наразылығына қатысты министрлік түсініктеме берді
Фото: Абай атындағы опера және балет театры

 

Мәдениет және ақпарат министрлігі Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының қызметкерлерінің наразылығына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күні кеше ғана театр қызметкерлері жаппай жұмыстан шығарылғандарына қатысты шағымданып, әлеуметтік желіде болған жағдайды айтқан еді.

Өз кезегінде министрлік аталған жағдай қолданыстағы заңнамаға сәйкес, театр құрылымын қайта жасақтауға байланысты екенін мәлімдеді.

«Өзгеріс бойынша бұрынғы лауазымдар жойылып, жоғары біліктілікті қажет ететін жаңа лауазымдар енгізілді. Осы өзгерістерге қатысы бар барлық қызметкерге бос лауазымдар немесе қызмет көрсету шарты бойынша жұмыс ұсынылған, бірақ олар жұмыстан бас тартып отыр. Айта кетейік, театр барлық өтемақыны төлейтін болады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі іске заңды тұрғыда қызметтік тексеру жүргізеді, оның нәтижелері кейінірек жарияланады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.