$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Не істеп жүрсіңдер шұбырып бәрің?»: Бақыт Сәрсекбаев Олимпиададағы боксшылардың жекпе-жегін сынға алды

Ол бас бапкерге де қатысты ойын айтты

«Не істеп жүрсіңдер шұбырып бәрің?»: Бақыт Сәрсекбаев Олимпиададағы боксшылардың жекпе-жегін сынға алды
Фото: b.sarsekbayev/Instagram

Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Париж Олимпиадасына қатысып жатқан боксшы жігіттердің дайындығын сынға алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Facebook әлеуметтік желісінде қалдырған жазбасында Сәрсекбаев Олимпиада ойындарына қатысып жатқан жігіттердің физикасы өте нашар екенін атап өтті.

«Екінші раундта демалыстары қиындап, әрең жүр рингте. Ударлары аз. Комбинация ударов тіпті аз. Үш минутта қанша удар жаудыруға болады?! Физикасымен айналысуға арнайы шақыртылған кубалық маман қайда қарап жүр? Целая научная группа қайда? Неге біздің боксерлар демі жетіспей жүр? Үш раунд аяқта тұра алмайды. Не істеп жүрсіңдер шұбырып бәрің? Бірінші бойдан өте алмады деген не сұмдық???» , - деп жазды Сәрсекбаев.

Сондай-ақ ол лицензия алған боксшылардың жарысқа дейін өткізген жекпе-жектеріне қатысты уәжін айтты.

«Әрбір боксер лицензия алғаннан Олимпиадаға дейін неше бой өткізді? Практика бар ма? Мысалы, мен жарты жылда 22 бой өткіздім. Бас бапкерге айтатын сөзім жоқ тіпті...», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары