Денсаулық сақтау министрлігінен жаңашылдық: енді дәріні қағаз рецепт емес, QR-код арқылы аласыз

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады 

Фото: ДСМ

Денсаулық сақтау министрлігі жаңа қызметті іске қосты. Науқастар енді eGov mobile мобильдік қосымшасының QR-коды арқылы рецепт бойынша дәрі-дәрмек ала алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бұл дәрі-дәрмектерді алу процесін едәуір жеңілдетті және жүйенің ашықтығын арттырды. Сервис науқастарға қағаз құжатын ұсынбай, жазылған рецепт бойынша дәрілік заттарды алуға мүмкіндік береді», - деп жазды ДСМ.

Министрлік дәріханалар рецептті тезірек және дәлірек өңдейді деп сенеді.

Айта кетерлігі, қызмет іске қосылған сәттен бастап 6,5 мың азамат QR-кодты сәйкестендіру арқылы дәрі сатып алған.

E-Densaulyq-та QR-код арқылы дәрілік препараттарды алудың қадамдық алгоритмі мынадай:

  1. Дәрігерге бару: дәрігер ДҚАЖ жүйесінде электрондық рецепт жазады.
  2. Қосымшада рецепт пен QR-кодты алу: EGov mobile қосымшасындағы e-Densaulyq қызметінде «Рецепттер – амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету» бөліміне өтіп, әр рецепт үшін QR-кодын алыңыз.
  3. Дәріханада дәрі-дәрмек алу: фармацевт QR-кодты сканерлейді және рецепт бойынша дәрі-дәрмек береді.