Бүгін екі облыста аптап ыстық күтіледі
Елордада найзайғай ойнауы мүмкін
Бүгін еліміздің шығысында күн бұлттанып, найзағай ойнауы мүмкін. Ал орталық пен батысты күн ыстық болмақ. Сондай-ақ Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында ауа температурасы 40 градусқа дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазгидрометке сілтеме жасап.
Абай облысы
Абай облысы оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысы
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Ұлытау облысы
Ұлытау облысының батысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Қарағанды облысы
Қарағанды облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Павлодар облысы
Павлодар облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Түркістан облысы
Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Шымкент қ.: солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Түркістан қ.: солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.
Жетісу облысы
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20, түнде облыстың шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-36 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі. Талдықорған қ.: 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қауіпі күтіледі.
Қызылорда облысы
Қызылорда облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі. Қызылорда қ.: шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 17 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.
Батыс Қазақстан облысы
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
Атырау облысы
Атырау облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
Қостанай облысы
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қостанай қ.: түнде және таңертең найзағай күтіледі.
Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-18 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Маңғыстау облысы
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38-40 градус қатты ыстық күтіледі.
Астана қаласы
Астана қ.: күндіз найзағай күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.