Әлемде коронавирустан жазылғандар саны 1 миллионнан асты
Індеттен қайтыс болғандар саны 230 мыңнан асады

Америкадағы Джон Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 3,2 миллионнан, ал індеттен қайтыс болғандар саны 256 мыңнан асты. Ал 1 миллионнан астам адам коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Бүгінгі таңда вирус жұқтырғандар және қайтыс болғандар саны бойынша әлемде бірінші орында АҚШ тұр. Мұнда вирус жұқтырған 1 миллионнан астам адамның 63 мыңы көз жұмған. 153 мың адам жазылып шыққан.
Италия өлім көрсеткіші бойынша екінші орында тұр. Мұнда 28 мыңға жуық адам қайтыс болған. Вирус жұқтырғандардың жалпы саны 205 мыңнан асады, оның 76 мыңға жуығы жазылып шыққан.
Коронавирустан жазылғандар көрсеткіші бойынша екінші орында Германия тұр. Вирус жұқтырғандар саны - 163 009, жазылғандар - 123 500 адам, 6 623 науқас қайтыс болған.
Испания жазылғандар мен қайтыс болғандар саны бойынша үшінші орында. Ел бойынша COVID-19 жұқтырғандар саны - 213 435, қауіпті індеттен көз жұмғандар -24 543, жазылғандар - 112 050 адам.
Айта кету керек, Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 3551 адамға жетті. 866 адам жазылып шықса, 25 адам қайтыс болды.