$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде найзағай ойнауы мүмкін

Кей өңірде жел тұруы ықтимал

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде найзағай ойнауы мүмкін
Фото: istockphoto.com

Қазгидрометтің болжамынша, бүгін еліміздің солтүстігінде, солтүстік-шығысында және слтүстік-батысында найзағай ойнап, жаңбыр жаууы ықтимал. Ал оңтүстік аймақтарда ауа температурасы жоғары болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Абай облысы

Түнде Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың оңтүстігінде 15-18 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде найзағай, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Өскемен қ.: 29 шілдеде түнде найзағай күтіледі.

Қостанай облысы

Таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстік жартысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысы

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 29 шілдеде найзағай күтіледі.

Маңғыстау облысы

29-31 шілдеде Маңғыстау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысы

Қарағанды облысының солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, батысында күтіледі.

Ұлытау облысы

Ұлытау облысының басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 29 шілдеде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысы

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жамбыл облысы

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында 38-40 градус қатты ыстық күтіледі. 29 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі. Тараз қ.: 29 шілдеде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Атырау облысы

Атырау облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі, оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысы

Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 29 шілдеде жел солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 16 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысы

Күндіз Түркістан облысының тау асуларында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Шымкент қ.: 29 шілдеде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Түркістан қ.: 29 шілдеде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 29 шілдеде күндіз найзағай күтіледі.

Жетісу облысы

Күндіз Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері аудандарында екпіні 17-22 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады. Талдықорған қ.: 29 шілдеде күндіз 36-38 градус қатты ыстық сақталады.

Серіктес жаңалықтары