«Әйелімнің міндеті – ерінің разылығын алу»: танымал актер неліктен ажырасып кеткенін айтты
Ол 2018 жылы шаңырақ көтерген

Танымал актер, әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыген әйелімен не себепті ажырасып кеткені туралы айтты Azattyq Rýhy.
Нұрсұлтан Жақсыген әйелі Фариза Алмазқызымен 2018 жылы шаңырақ көтерген болатын. Қазір олардың екі ұлы бар.
«Менің міндетім – ата-анамның разылығын алу. Әйелімнің міндеті – ерінің разылығын алу. Біліп қойыңдар. Сондықтан қайырлы болса, жақындатады, қайырсыз болса, алыстатады. Біреудің өміріне араласпаған ұзақ өмір сүреді екен. Балаларыма көмектесіп тұрамын.
Ондай әке емеспін. Апта сайын көрісіп, қыдыртып тұрамын. Анам той жасау қамына кірісті. Мәслихат өткізіп жатыр. Ұрыссыз, жанжалсыз ажырастық. Жақсы жар болмасақ та, жақсы ата-ана болуға уәде бердік. Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. Бізге махаббат қызық мол жылдар нәсіп етсін деп дұға тілеңіздер!» – деп жазды Нұрсұлтан Жақсыген.