Тоқтар Серіков ауылында сағынып баратын адамдар табылмағанын айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Ол анасының жалғыз бауырына амандасып қайтқанын айтты

Фото: Instagram.com/toktar.serikov

Әнші Тоқтар Серіков Instagram парақшасында ауылына барғанын, алайда сағынып баратын адамдар табылмағаны туралы жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тоқтар Серіков анасының жалғыз бауырына амандасып қайтқанын айтты.

«Ауылға барып қайттым. Сол баяғы қалпында тұр. Тек мен сағынып баратын адамдардың табылмағаны болмаса. Алтындарым-ай бір көрсем арманым болмас еді ғой. Анашымның жалғыз бауыры Нұрат нағашыма амандасып қайттым. Нағашымда қарттықтың кемесіне мініп алыпты, түскісі жоқ. Анамды көргендей иіскеп, мауқымды басқан болдым. Амандығыңды тілеймін Алладан, нағашы», - деп жазды Тоқтар Серіков.

Тегтер: