А.П. Мырзабеков 27 ақпанда Молдова астанасында ұсталған еді
Қаржы пирамидасына қатысты басты күдікті А.П. Мырзабеков Молдовадан экстрадицияланды, деп хабарлайды Polisia.kz.
«30 сәуірде Қазақстан Ішкі істер министрлігі Молдова Республикасынан А.П. Мырзабековты экстрадициялады. Ол Қазақстан ІІМ-нің сұрау салуы бойынша 27 ақпанда Молдова астанасында ұсталып, Кишинев қаласының тергеу изоляторына қамалған болатын», - деп жазылған хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, А. Мырзабеков - «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-нің құрылтайшысы. Сондай-ақ ол «ЕSTATE Ломбард» және «Выгодный займ» деп аталатын екі ұйымның қылмыстық әрекеттеріне басшылық еткен.