ШҚО-да көпірден өзенге сүңгіп кеткен ер адамның денесі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

Фото: yk-news.kz

ШҚО-да көпірден Бұқтырма өзеніне сүңгіп кеткен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

26 шілдеде полицияға Малеевск ауылындағы көпір ауданында мәйіт табылғаны туралы хабарлама түскен.

«Мәйітте көзге көрінетін дене жарақаты жоқ. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, сараптама тағайындалды», - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, 22 шілдеде ер адам көпірден Бұқтырма өзеніне сүңгіп кеткеннен кейін жоғалып кеткен.