«Прокуратураға жүгіндім»: Закиева төрт айлық сәбиімен қамауда отырған әйел адам туралы айтты
Сот залынан анасы мен баласы Қаскелеңдегі уақытша ұстау изоляторына жіберілді
Қаскелеңде уақытша ұстау изоляторында әйел адам төрт айлық сәбиімен қамауда отыр. Осыған байланысты Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әйел адам алаяқтық жасады деп күдіктеліп, тергеу сотының кезекті отырысында тергеуші оны ұстау туралы өтініш білдірді. Прокурор әйелдің төрт баласына қарамастан, өтінішті қолдады. Балалардың кішісі – төрт айлық. Сот залынан анасы мен баласы Қаскелеңдегі уақытша ұстау изоляторына жіберілді.
Осы іске қатысты Динара Закиева пікір білдірді.
«Осы іске қатысты прокуратураға жүгіндім. Сол сияқты әйел адамның адвокатына хабарластым. 29 шілде күні аппеляциялық сот өтеді.
Ертең өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл анасымен бірге қамауда жатқан сәбидің жағдайын біледі», – деп жазды Динара Закиева.