$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алакөлге құлаған дельтаплан: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Олар Алакөл ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілген

Алакөлге құлаған дельтаплан: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Фото: depositphotos.com

Дәрігерлер Алакөлге құлаған дельтапланның ішінде болған ер мен әйелдің денсаулығы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оларды жедел жәрдем машинасымен Алакөл ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізген.

«Зардап шеккендердің жағдайы ауыр. Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызылды», - делінген хабарламада.

Оларға шокқа қарсы терапия, сондай-ақ толық клиникалық және диагностикалық аспаптық зерттеулер жүргізіледі. Талдықорғаннан медициналық мекемеге нейрохирург және травматолог жіберілді.

«Ауруханада пациенттерді емдеуге қажетті барлық дәрі-дәрмектер бар. Жағдай бақылауда», - деп хабарлады басқармадан.

Серіктес жаңалықтары