22.07.2024, 22:50
Жаңалықтар
Алматыда көлік ұрлаған күдікті ұсталды
Қылмыстың себебі мен өзге де мән-жайлары анықталып жатыр
Фото: istockphoto.com
Бүгін, 22 шілдеде Алматы қаласының полицейлері Toyota Camry көлігін ұрлаған күдіктіні ұстады. Хабарлама келіп түсе салысымен, қала бойынша «Ұстау» жоспары енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұры автокөлік иесінің кілтті іште тастап, дүкенге кіріп кеткен сәтін пайдаланған.
«Буран – 315» патрульдік экипажы Сүйінбай даңғылы мен Баянауыл көшесінің қиылысында іздеп жүрген көлікті байқап қалған. Көлік ұрысы ұсталды. Қылмыстың себебі мен өзге де мән-жайлары анықталып жатыр», – дейді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.
Қазақстан ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды