Қазпошта қазақстандықтарға ескерту жасады

Автор: Azattyq Rýhy

Алаяқтардың әрекеті туралы QazPost Instagram-дағы ресми парақшасында ескерткен

Фото: depositphotos.com

Киберқылмыскерлер қазақстандықтарға QazPost атынан SMS-хабарламалар жіберуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алаяқтардың әрекеті туралы QazPost Instagram-дағы ресми парақшасында ескерткен.

«Құрметті клиенттер, белгілі сайттан тауар сатып алып, банк картасының деректемелерін енгізуге сілтеме жіберетін алаяқтардың оқиғалары жиілеп кетті.

  • Ешқашан ешкімге банк картасының нөмірі мен CVV кодын айтпаңыз.
  • Егер сіз дегенмен белгісіз сайтта төлем жасауды шешсеңіз, онда шешіміңіз үшін толық жауапкершілік өзіңізде болатынын есте сақтаңыз.
  • Егер сізге ресми атауы болуы мүмкін күдікті сайттарға кіру ұсынылса, сақ болыңыз, бұл айна сайттары. Олардың мақсаты – сіздің жеке деректеріңізді алу, тауарларды немесе жеткізілімді төлеу.
  • Егер сәлемде күтіп отырсаңыз, жеткізу күйін тек біздің post.kz ресми сайтында немесе мобильді қосымшада тексеруге кеңес береміз.

Қазпоштадан хабарламалар тек 1499 ресми қысқа нөмірінен жіберіледі», - делінген Қазпошта хабарламасында.