«Астана-Петропавл» жолында бояу тиеген фура аударылып қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Жол-көлік оқиғасы 21 шілде күні болған

Фото: Ақмола облысы ПД

Бояу тиеген фура «Астана-Петропавл» автожолында аударылып қалды. Полиция осыған қатысты іс қозғады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақмола облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды

Мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы 21 шілде күні болған.

«Осы жылдың 21 шілдесінде «Астана-Петропавл» автожолында бояу тиелген «Volvo» жүк көлігі аударылып қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды», - делінген ведомство хабарламасында.

Өз кезегінде тәртіп сақшылары көлік жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.