Хромтауда өрттен 55 адам құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Тұрғын үйдегі өрт сөндірілді

Фото: istockphoto.com

Ақтөбе облысының Хромтау қаласында 3 қабатты тұрғын үйдің пәтерінде жеке заттар өртенді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында шақыру түскен сәттен бастап 31 минут ішінде өрт сөндірілді.

«ТЖМ күштері үш иінді сатының көмегімен 15 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарып, баспалдақ маршымен 40 адам, оның ішінде 12 бала эвакуациялады.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды», – делінген хабарламада.