Жоғарғы сот төрағасы Республикалық адвокаттар алқасының төрағасымен кездесті

Azattyq Rýhy

Мерғалиев қамауда ұстауға балама бұлтартпау шараларын таңдау кезінде "электрондық білезіктерді" пайдаланатын айтты

Жоғарғы сот төрағасы Республикалық адвокаттар алқасының төрағасымен кездесті
Фото: Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі

Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаевпен сот реформасы мен құқықтық қорғаудың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мерғалиев қамауда ұстауға балама бұлтартпау шараларын таңдау кезінде "электрондық білезіктерді" пайдалануды жандандыру және елордада "үздіксіз" кассация қағидаты бойынша жұмыс істейтін үш кассациялық сотты құру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Тараптар сотта барлық азаматтарға құқықтарын қорғау, сондай-ақ қылмыстық сот ісін жүргізуде адвокаттардың рөлін арттыру үшін білікті заң көмегіне тең қолжетімділікті қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында қатысушылар сот жүйесін, сот құрылымын және адвокатураны одан әрі жетілдіру жөніндегі бастамаларда ынтымақтастыққа және сындарлы талқылауға дайын екендіктерін атап өтті.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.